Page 15 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 15
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ
ЕЖЕЛГІ ТАЙПАЛАР ОДАҚТАРЫ
Хабардар боласың:
Қазақстан аумағында алғашқы тайпалық одақтары
қашан пайда болды;
сақтар, сарматтар және ғұндар кімдер екенін;
ғұндар жауынгер тайпалары туралы.
Ежелгі уақытта алғашқы адамдар тіршілік жасап күн көру
үшін бірігуді ұйғарды. Олар ортақ шаруашылықты жүргізе
бастайды. Осылайша қауымдастықтар құрылды. Содан ке йін
бұл қауымдастықтар көбейіп, әртүрлі рулық қауымдар мен
қауымдастықтардың тайпалары құрылған. Біздің дәуірімізге
дейінгі VI–V ғасырларда көшпенділер тайпалық одақтарға
біріге бастады.
Тайпалық одақтар дегеніміз – бірнеше туыстас тайпа-
лардың бірлестігі. Тайпалық одақтарда адамдар біртұтас
заңдарға сәйкес өмір сүрді, ортақ шекаралары болды және
өз жерлерін жаулардан бірге қорғады. Олардың өз билеу-
шілері, шенеуніктері және әскері болды. Билеушілер заңдар
қабылдайды және мемлекеттің тағдырын шешеді. Шенеунік-
тер заңдардың сақталуына бақылау және салық жинау жұ-
мыстарымен айналысқан. Әскер – бұл елдің шекараларын
қорғау және соғыс жүргізу үшін арнайы жиналған адамдар.
Қазақстан аумағындағы ең алғашқы тайпалық одақтар-
дың бірі – сақ тайпалары. Қазақстан аумағында көшпелі сақ
тайпалары өмір сүрген. Сақтар көптеген ежелгі халықтармен
қарым-қатынасты сақтап отырған. Олар туралы «жауға – аяу-
сыз, досқа – адал» деп жазған.
Сақ тайпаларының әрқайсысын өз билеушілері басқар-
ған. Бірақ барлығы ортақ патшаға бағынған.
15