Page 10 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 10
жасаған, көркем және мүліктік құндылығы бар, заттар мен
мәдени туындылар. Оған музыка, әдебиет, өнер жатады.
Тарих – өткен заман туралы ғылым.
Тарихи деректер – өткен заманда шын мәнісінде болған
оқиғалар.
Тарихи дереккөздер – ежелгі заманнан сақталған және
адамдардың өткені туралы айта алатын дүниелер.
Мұрағат – жазбаша құжаттар сақталатын орын, арнайы
мекеме.
Ұлы Жібек жолы – Азиядан Еуропаға апарған ірі сауда
жолы.
Түркі әлемі – Еуразиядағы ежелгі заман мен орта ғасыр-
дың ірі мемлекеттері.
? 1. Сенің ойыңша тарихты зерттеу не үшін қажет?
2. Мәдениет дегеніміз не?
3. Мәдениеттің қандай түрлері бар? Мысалдар келтір.
4. Тарихи дереккөздердің қандай түрлерін білесің? Мысалдар
келтір.
5. Тарихи дереккөздер қай жерде сақталады?
Дәптерде орындауға арналған тапсырмалар
6. Төмендегі заттардың арасынан материалдық тарихи дерек-
көздерге не жатады? Жаз.
Үй заттары, киімдер, әндер, аңыздар, тұрғын үйлер, мо-
не талар, қарулар, мүсіндер, құралдар, заңдар, білезік.
7. Сөйлемдерді жалғастырып, жаз.
Жазбаша құжаттар ... сақталады.
Тарихи ғылым ... ... зерттейді.
8. Керекті сөзді таңдап, жаз.
Мұрағатта (ауызша, жазбаша) дереккөздер бар.
9. Кестені толтырыңдар.
Тарихи дереккөздер
Заттай Ауызша Жазбаша
10
10