Page 14 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 14

Көшпелі мал өсіру көптеген ғасырлар бойы шаруашы лық-

             тың негізгі түріне айналды. Мал адамдарды тамақ, киім, сүт-
             пен  қамтамасыз  етеді.  Адамдар  атпен  және  түйемен  алыс

             қашықтықтарға  көшіп, олармен жүктерін тасымалдаған.
                 Алдымен адамдар үңгірлерде тұрды. Бірақ көшпелі тұр-
             мыс жағдайы үшін жинауға және бір жерден екінші жерге та-
             сымалдау үшін ыңғайлы болатындай басқа үйдің түрі болуы

             керек еді. Бұл күймелі арба болды. Яғни, дөңгелектері бар
             шатыр. Содан кейін киіз үйдің байырғы үлгісі болып табыла-
             тын  алғашқы  тұрғын  үйлер  пайда  бола  бастады.  Қазақтар

             мен  моңғолдар  әлі  күнге  дейін  осы  киіз  үйлерді  пайдала-
             нады. Киіз үйлерді қалаларда ұлттық мерекелерді атап өту
             кезінде қояды.




                    Эволюция – тірі табиғаттың шынайы кері бұрылмай-
                тын даму барысы. Бір қалыптан басқа қалыпқа өзгеруі.

                    Көшпелі мал шаруашылығы – адамдар мал өсірген-
                де  маусымдық,  жазғы  және  қысқы  жайылымдарда  мал
                жаю үшін бір орыннан екінші орынға көшіп жүретін шаруа-
                шылық түрі.




               ?       1. Эволюция дегеніміз не?
                       2. Эволюцияның барысында адамның бейнесі қалай өзгергені
                         туралы сипатта (4-сурет).
                       3. Адам тұрған баспаналар  қалай өзгерді?
                       4. Алғашқы адамдар құралдар мен  қару-жарақтарды  неден
                         жасады?
                       5. Қазақстан аумағында алғаш рет темірден жасалған қару мен
                         еңбек құралдарын  қашан қолдана бастады?
                       6. Қалай ойлайсың  адам темірді қолдана бастағаннан кейін,
                         онда қандай жаңа дағдылар мен біліктіліктер пайда болды?
                       7. Қазақстан  аумағында  көшпелі  мал  шаруашылығы  қалып-
                         тасуының себептері қандай? Түсіндір




            14
           14
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19