Page 9 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 9
3-сурет. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы мұражайында
Қазақстан көне заман мен орта ғасырдағы ірі держава-
ларды құрған түркі әлемі бесіктерінің бірі болды. Түркі әлемі
адамзат тарихына зор әсерін тигізді.
Қазақстан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Бұл та-
рихтағы ең ірі сауда жолы болды. Соның арқасында қалалар
дамыды, тауарлар ғана емес, ғылыми білім мен мәдениет те
таралды.
Біз өткенімізді бағалай білуді, ата-бабаларымызды құр-
меттеуді, өз Отанымызды сүюді және оның тарихын мақтан
тұтуды үйренуіміз керек.
Мәдениет – адамның қолынан туған материалдық және
рухани нәрселер.
Материалдық мәдениет – бұл ұстап көруге болатын зат-
тар: киім, тұрмыстық заттар, еңбек құралдары.
Рухани мәдениет – шығармашылық нәтижесінде адам
9