Page 7 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 7

Тарихшы ғалым оқиға жайында жазбас бұрын мәліметтер-

        ді  тексеруге,  нақтылауға  міндетті.  Тарихшының  міндеті  –
        мұндай оқиғаның шындық екенін дәлелдеу. Дәлелмен бірге
        тарихшы  бұл  оқиғаның  қалай  және  не  себептен  болғанын
        зерттейді.
            Адамдардың  бұрын,  осыдан  жүз  не  екі  жүз  жыл  бұрын
        не істегенін, әрі қалай өмір сүргенін қалай білеміз?
            Бұл жерде бізге тарихи дереккөздер – адамдар қалды-

        рып кеткен «іздері» көмектеседі. Тарихи дереккөздер – ежел-
        гі заманнан сақталған және адамдардың өткені туралы айта
        алатын дүниелер. Олар әртүрлі болуы мүмкін.



                              Тарихи дереккөздердің түрлері



              Жазбаша:                 Ауызша:                      Заттай:
            жылнамалар,           мифтер, аңыздар,          тиындар, қару-жарық,
             жырғылар,                хикаялар,               еңбек  құралдары,
          заңдар, кітаптар.        жыр-дастандар              тұрмыстық заттар.
                                     шежірелер.



            Жазбаша дереккөздер – кітаптар, хаттар, газеттегі мақа-

        лалар,  жылнамалар  –  мұрағаттар  мен  мұражайларда  сақ-
        талады.
            Ауызша  дереккөздерге  тарихқа  қатысты  хиқаяларды,
        аңыз дарды, жыр-дастандарды, шежірені де жатқызуға бола-

        ды. Олар ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіледі. Жазу пайда
        болғаннан  кейін  тарихшылар  оларды  жинақтап  зерттей
        бастады.
            Заттай дереккөздер – қоныстардың, қорымдар дың, қор-
        ған дардың  қалдықтары.  Олар  еліміздің  көптеген  аймақ та-
        рында кездеседі. Тұрмыстық заттар, еңбек құралдары, қа ру-

        жарақтар да заттай дереккөздерге жатады. Олар мұрағаттар
        мен мұражайларда сақталады.



                                                                                        7
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12