Page 8 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 8

2-сурет. Тарбағатай қорғандары

                 Тарихшы ғалым осы дереккөздер бойынша өткен заманда
             қандай оқиғаның қашан болғанын анықтай алады.
                 Тарихты не үшін білуіміз керек? Тарих адамға қазіргі за-
             манның бастауын түсіну үшін қажет. Бізден бұрын не болды,
             бізді қазіргі өмірге әкеліп отырған не екенін білуіміз қажет.
                 Тарих  бізге  адамзат  үнемі  даму,  өзгерісте  бо ла тынын

             үйретеді.
                 Егер адамдар өздерінің өткенін білмесе, онда олар барлық
             уақытта бірдей қателіктер жібере берер еді. Тарихты білудің
             арқасында біз оқиғалардың себептері мен салдарын көреміз.
             Олар туралы ойланамыз. Мысалы, өзара соғыстар елдің күй-
             реуіне әкелетінін білеміз. Ендеше, оларды болдырмау керек.
             Сауданың өсуі қалалардың дамуына және адамдар байлығы-

             ның өсуіне әкелетінін көріп отырмыз. Демек, сауданы қолдау
             керек.
                 Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының бір бөлігі ретінде
             қаралады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы
             даланың  жеті  қыры»  деген  мақаласында  біздің  жерімізде

             материалдық  және  рухани  мәдениеттің  көптеген  заттары
             ойлап табылғаны туралы айтылған.


            8 8
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13