Page 13 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 13

ал  аз  бейімделгендер  жойылып  кетеді.  Алғашқы  адамдар

        маймылдардан аз ерекшеленген. Бірте-бірте миы, сөйлеу қа-
        білеті дамып адамдардың жаңа топтары пайда бола баста-
        ды. Жаңа дағдылар – отты пайдалану, киім тігу, жетілдірілген
        құралдар жасау қалыптасады. Бұл процесс өте ұзақ жүрді.

        Қазіргі адам тек 100 мың жыл бұрын пайда болды.
            Шамамен 10 мың жыл бұрын Жердің кейбір аймақтарын-
        да адамдар мал шаруашылығы мен егіншілікті игеру баста-
        ды.  Қазақстан  аумағында  бұл  шамамен  5  мың  жыл  бұрын
        ғана пайда болды. Осы кезеңде жылқы алғаш рет қолға үй-
        ретілді. Осы уақыттан бастап біз уақыт таспасында әлем мен

        еліміздің тарихын бақылай аламыз.





























                                5-сурет. Уақыт таспалары


            Біздің  дәуірімізге  дейінгі  1  мыңжылдықта  Қазақстан  ау-
        мағында  темірді  қару-жарақ  пен  еңбек  құралдарын  жасау
        үшін қолдана бастаған. Адам мол өнім ала бастап, көбірек
        мал өсіруді қолға алды. Біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжыл-

        дықта  Қазақстан  аумағында  көшпелі  мал  шаруашылығы
        пайда болды.



                                                                                       13
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18