Page 5 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 5

Оқулықпен қалай жұмыс істеу керек?


                                   Қымбатты оқушы!


            Алдыңдағы оқулық тарих әлеміне бойлауыңа, еліміздің өт-
        кені, ата-бабаларымыздың өмірі туралы білуіңе көмектеседі.
            Оқулықтың  соңында  мазмұны  ұсынылған.  Соның  көме-
        гімен қажетті мәтінді тез табуға болады.
            Кітаптағы  мәтінді  оқығанда  тарихи  картаға  зер  салған

        дұрыс.  Ол  мемлекеттердің  орналасқан  жерін,  тарихи  оқиға
        орындарын елестетуге көмектеседі.
            Мәтіндегі мәнді сөздер көк түспен ерекшеленген. Сұрақ-

        тарға жауап бергенде осы сөздерді пайдаланған жөн.
            Жасыл  қоршауда   тарихи терминдерге түсініктеме беріл-
        ген. Бұл сөздердің  мағынасын білуге, жаңа тақырыпты түсі-
        нуге көмектеседі.
            Мәтін  соңындағы  сұрақтар  мен  тапсырмалар   меңгерген

        сабақты бекітуге арналған. Тапсырмалар күрделілігіне қарай
        бөлінеді. Тапсырманы таңдауға мұға лім көмектеседі.
            Кейбір  тапсырманы  дәптерге  жазып  орындау  керек  бо-

        лады.
            Күлгін түсті қоршаумен белгіленген тапсырманы мұғалім-
        нің жетекшілігімен бірлесе атқарасыздар.
            Тапсырманы орындағанда сұрақты мұқият оқып, оның жа-
        уабын оқулықтағы материалға сүйене отырып табу керек.

            Құрметті оқушылар, Қазақстан Тарихына саяхат жасау ба-
        рысында сіздерге сәттілік серік болсын!







                                                                                        5
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10