Page 6 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 6
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ НЕНІ ОҚЫТАДЫ?
Адамзат тарихы миллиондаған жылдарға созылады. Осы
уақыт ішінде адамдар Жер планетасының барлық бұрышта-
рын игерді, Айға барып қайтты. Әлемде көптеген соғыстар
болды, кейбір мемлекеттер жоғалып, басқалары құрылды.
Адамдар қалалар салып, теңіз және әуе кеңістігін игерді.
Олар жазуды және оқуды, өнер туындыларын жасауды үй-
ренді. Адамдар мәдениет пен ғылымды қалыптастырды.
Мәдениет –
адамның қолынан туған
барлық нәрселер
Материалдық мәдениет – Рухани мәдениет –
бұл ұстап көруге болатын оған музыка,
заттар: киім, тұрмыстық әдебиет, өнер сияқты
заттар, еңбек құралдары. туындылар жатады.
1-сурет. Мәдениет дегеніміз не?
Ғылым – қоршаған дүние туралы білімдер жүйесі.
Тарих – ғылымның бір бағыты болып есептеледі. Тарих
– өткен заман туралы ғылым. Тарихтың өз заңдары мен
ережелері бар.
Өткен заманда шын мәнісінде болған оқиғалар тарихи
дерек деп аталады. Дерек деген сөз «шындық», «ақиқат»
дегенді білдіреді. Яғни, дерек деп біз нақты, шынайы орын
тапқан оқиға, құбылыс туралы айтамыз. Мысалы, қолыңдағы
оқулық 2021 жылы басылымға шықты – осы оқулық туралы
дерек. Немесе Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алды – ол
тарихи факт.
6 6