Page 20 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 20
деп атаған. Аттила өз қол астында бұған дейін дербес және
бөлек әрекет еткен барлық ғұн тайпаларын біріктіре алды.
Ғұн тайпаларының Шығыстан Батысқа қарай қозғалы-
сы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда басталды. Ол біздің
дәуіріміздің IV ғасырына дейін созылды.
Сақтар, сарматтар, қаңлылар, үйсіндер мен ғұндар тек
біздің еліміздің тарихына ғана әсер еткен жоқ. Олар Тынық
мұхитынан Атлант мұхитына дейінгі кең аумақтағы тарихи
оқиғалардың ағымын өзгертті.
Тайпалық одақтар – бірнеше туыстық тайпалардың
бірлестігі.
«Аң стилі» – барлық әшекей бұйымдардағы аңдардың
бейнесі.
Ұлы Қытай қорғаны – көшпелі ғұн тайпаларының ша-
буылынан қорғану үшін салынған қытайлардың қорғаныс
қамалы
Халықтардың ұлы қоныс аударуы – біздің дәуіріміз-
ге дейінгі II ғасырда басталған көптеген тайпалар мен ха-
лықтардың тұрғылықты жерін батысқа ауыстыру мақса-
тындағы қозғалыс.
? 1. Сақтар патшайымының есімі кім?
2. Ежелгі Қазақстан аумағында қандай тайпалық одақтар бол-
ғанын атап шық.
3. Шырақ туралы аңызды айтып бер.
4. Археологтардың тапқан қандай сауыты Казақстанның сим-
волына айналды?
5. Тарихшылардың пікірінше, Еуропаға әскери сауыт кию мә-
дениетін кім таратты?
6. Ғұн шапқыншылығы басқа мемлекеттердің тарихына қалай
әсер етті деп ойлайсың? Әңгімеле.
20
20