Page 46 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 46

Сырдарияның  төменгі  ағысы  мен  Ұлытау  тауларына  дейін
             созылып жатты.

                 XVI  ғасырда  Ноғай  ұлысы  Мәскеумен  және  Қазақ  хан-
             дығымен  бақталасқан  қуатты  мемлекет  болды.  Бірақ
             кейінірек мемлекетте өзара соғыстар басталды. XVII ғасыр-

             да Ноғай Ұлысының жеріне қалмақтар басып кірді және мем-
             лекет тіршілігін тоқтатты. Халықтың бір бөлігі Солтүстік Кав-
             казға қоныс аударды. Олардың ұрпақтары – қазіргі ноғайлар.

             Бір бөлігі қазақ хандарының билігіне өтіп, туысқан қазақ тай-
             паларымен бірікті. XV–XVII ғасырларда Ұлы Ұлыстың Сол қа-
             наты қайтадан қазақ хандарының қол астына бірікті.



                Әулет – бір атадан тараған қандай да бір мемлекеттің,
                жергілікті жердің, қаланың билеушілер қатары.
                Әмір Темір – ХІV ғасырдағы атақты Орта Азия халықта-

                рының билеушісі, 27 мемлекетті бағындырған жаулаушы-
                сы.  Аяғы  ақсақ  болғандықтан  тарихи  деректерде  Ақсақ
                Темір деп атайды.
                Азаматтық соғыстар – бір елдің, бір мемлекеттің ара-
                сындағы ішкі соғыс.

                Би  –  халық  сайлаған  ақсақал,  қазы,  дана,  тайпаның
                құрамындағы  өзіндік  көсем.  Тайпаларды  хан  басқарды
                және билік етті.



               ?       1. Ұлы Ұлыстың ыдырау себебін ата.

                      2. Сібір хандығы туралы айтып бер.
                       3. Би деген кім?
                      4. Ұлы Ұлыс қанша бөлікке бөлінді? 24-суретке қарап сиспатта.
                       5. 25-суретке мұқият қара. Жоспар бойынша шабандоздар ту-
                        ралы әнгіме құрастыр:
                        1) қалай ойлайсың шабандозға кұс не үшін қажет?
                        2) шабандоздың арқасында не ілулі тұр?
                        3) шабандоздар қайда аттанды?


            46
           46
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51