Page 43 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 43

ҰЛЫ ҰЛЫСТЫҢ ЫДЫРАУЫ



            Хабардар боласың:

              Ұлы Ұлыстың ыдырау себептері туралы;
              өзара соғыстар туралы;
              Ұлы Ұлыс ыдырағаннан кейін жаңа мемлекеттердің
                пайда болуы туралы.


            XV  ғасырда  қуатты  Ұлы  Ұлыс  ыдырай  бастады.  Оның
        бірнеше  себебі  болды.  Еуропалық  саяхатшылар  Үндістан
        мен Қытайға Африканы айналып өтетін теңіз жолын ашты.
        Америка ашылды. Ұлы Жібек жолының Еуропадан Қытайға
        баратын  жалғыз  сауда  жолы  ретіндегі  рөлі  күрт  төмендеді.

        Керуендер  саны  азайып,  салықтар  қысқарды.  Бір  кездері
        гүлденген  қалалар  құлдырады,  көпшілігі  тіршілігін  мүлдем
        тоқтатты.

            XIV ғасырда Ұлы Ұлыста оба індеті белең алды. Ұлыстың
        көпте ген  тұрғындары,  әсіресе  оның  батыс  бөлігінде  тұра-
        тындар  індеттен  қайтыс  болды.  Ұлыстың  астанасы  Сарай
        әл-Жәдидте халық саны төмендеді. Би леушілер өз билігінің
        әлсіреу  себебін  түсінбеді.  Олар  қала лар  мен  көшпелі

        тайпаларға көбірек еркіндік бергісі келмеді. Хан дар са лықты
        көтеру  арқылы  жағдайды  жақсартқысы  келді.  Бірақ  бұл
        көтерілістер  мен  билік  үшін  күреске  бастау  берді.  Шыңғыс

        әулетінің әр түрлі топтары таққа таласа бастады. Мемлекет
        ішінде өзара соғыстар басталды.
            Сонымен  қатар  Әмір  Темірдің  Ұлы  Ұлысқа  жасаған
        жойқын  шабуылдары  мен  мемлекет  ішіндегі  азаматтық
        соғыстар оның әлсіреуіне және бірнеше тәуелсіз ұлыстарға

        ыдырауына әкелді.
            Ұлы Ұлыстың бірлігін сақтап қалуға тырысқан соңғы билеу-
        шілердің бірі Әбілқайыр хан болды. Ол небәрі 17 жасында

        билікке келді. Тез арада Ұлы Ұлыстың Сол қанатының барлық


                                                                                       43
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48