Page 53 - History_of_Kazakhstan 8 class
P. 53

29-сурет. Р. Кұлбатыров «Туған жер»


            Тәуке хан билердің рөлін күшейтті. Билер кеңестері мен
        жиындары тұрақты түрде өткізіле бастады. Билер мемлекеттің
        ішкі және сыртқы саясаты мәселелерін шешті. Тәуке ханның
        тұсында қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы Жеті жарғы

        ретке келтірілді.
            Тәуке хан билікте ұзақ уақыт отырды. Осы уақыт ішінде

        ол өзінің даналығы арқылы халықтың құрметіне бөленді. Ол
        халықтық дәстүрлерді жақсы білді, руаралық дауларды әділ
        жолмен шешті.
            Қазақ  хандығы  дәуірінде  халық  көшпелі  және  жартылай

        көшпелі  өмір  салтын  жалғастырды.  Сонымен  қатар  Қазақ-
        станның  оңтүстігінде  қалалық  өмір  дами  берді.  Сығанақ  –
        Қазақ хандығының алғашқы астанасы. XVI–XVII ғасырларда

        астана  Түркістан қаласы болды. Сауран, Сайрам, Созақ, Сы-
        ғанақ қалалары сауда орталықтарына айналды. Мұнда қолө-
        нер дамыды, әр қаланың қорғану құрылымдары бар бекініс




                                                                                       53
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58