Page 26 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 26
Неміс ұшақтары соғыстың алғашқы сағаттарында бомба-
ларды тастап, шекаралық әскери бөлімдерді қи ратты. Кеңес-
тік танктер мен зеңбіректер, оқ-дәрілер, жа нармай қой малары
жойылды. Кеңес ұшақтарының көбісі ұшып үлгермей жатып,
тура аэродромда жанып кетті. Немістер оқ-дәрі, жанар-жағар-
май қоймаларын да басып алды. Сондықтан Кеңес Армиясы
техникасы мен қаруын тастап, шегінуге мәжбүр болды.
Бірнеше айдың ішінде жаулар Белоруссия, Украина, Лит-
ва, Латвия, Эстония, Молдавияны, Ресейдің көптеген қала-
ларын басып алды. Ленинград қаласын (қазіргі Санкт-Пе тер-
бург) қоршауға алып, КСРО астанасы Мәскеуге жақындады.
Басып алынған аумақтарда немістер өз билігін орнатты.
Қарсыласқандар мен көнбегендерді атып тастады, тірі
қалғандарын тұтқынға айдап әкетті.
Фашистер күшінің басымдығына қарамастан, соғыстың
бас кезінде кеңес әскерінің көптеген бөлігі жан аямай жауға
қарсы тұрды.
10-сурет. Партизандар теміржолды бұзуда
26