Page 30 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 30

14-сурет. 28 панфиловшының ерлігі. Суретші  Д. Мочальский

             тары, зеңбіректері екі есе көп еді. Кеңес әскері табан тіресіп
             қор ғанса да, фашистер басымдық танытып, алға жылжи берді.
             Кейбір  тұста  фашистердің  Мәскеуге  жақындағаны  сон ша,

             тіпті қала ғимараттарын дүрбімен көре алатындай болды.
                 Мәс кеу түбіндегі тура осы шайқаста Қазақстанда жасақ-
             талған Пан филов дивизиясының атағы әлемге жайылды.

                 Бұл  дивизия  генерал  И.Панфиловтың  пәрменімен
             1941 жылы Алматыда жасақталған. Қазан айында дивизия
             Мәскеу  түбіндегі  Волоколамск  қаласына  жетіп,  қорғанысқа
             тұр ды.  Оған  қарсы  фашистердің  бір  танк  және  үш  жаяу
             әскер дивизиясы шабуылдады. Аса ауыр шайқастар қараша
             айында қыза түсті.
                 Василий  Клочков  бастаған  28  жауынгердің  ерлігі
             тарихта  қалды.  Дубосеково  ауылының  түбінде  олар  жаяу
             әскермен күшейтілген фашист танкілерінің алапат шабуылын



           30
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35