Page 32 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 32
16-сурет. Бауыржан Момышұлы
Ол Панфилов дивизиясының бір батальонын басқарды.
Тіпті қоршауда қалған кезде де оның батальоны жаудың кө-
зін жоюды жалғастырып, фашистерді Мәскеуге жібер мей
ұстап тұрды. Б.Момышұлы полк командирі болып та ғайын-
далды, бірнеше рет жараланса да ұрыс алаңынан кетпеді.
Панфилов дивизиясын талқандауға ұмтылған фашистер
олар туралы: «соғыс жүргізудің ешбір ережесін сақтамай
шайқасатын, өлімнен қорықпайтын «жабайы дивизия» екен»,
– деп айтты.
Ақтөбеде жасақталған дивизия да Мәскеуді қор ғау
кезінде асқан ерлік әрекеттерімен ерекшеленді. Ди ви зия
шайқаста өз құрамының 90 пайызынан айырылса да жауды
Мәскеуге жібермеді. Каспий және Арал теңізінің теңіз ші-
ле рінен құралған бригадасы да Мәскеу іргесінде ерлікпен
шайқасты. Қаһармандық танытқаны үшін бұл бригадаға да
панфиловшылар сияқты гвардиялық деген атақ берілді.
32