Page 36 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 36
Қоршалған қалада аштық пен суықтан миллионнан астам
адам көз жұмды. Алайда қиындықтарға қарамастан қала
тұрғындары жұмысын жалғастырды. Зауыттар, баспаханалар,
ауруханалар, тіпті театрлар жұмыс істеді. Ленинград тұрғында-
ры қолдан келгенше қорғаушыларға көмектесті және бір-бірін
қолдады.
Бұл аймақта Ақмолада (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) жа-
сақталған дивизияның жауынгерлері батыл шайқас жүргізді.
Олар жау әскерлеріне қарсы тұрып, Ленинградқа азық-түлік
тасымалдауды қамтамасыз етті.
1942 жылы көктемде фашистер Харьков аймағында ша-
буыл бастады. Кеңес әскерлері тағы да қирай жеңіліп, шегінді.
19-сурет. Ленинград блокада кезінде
36