Page 40 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 40

фашистер Белоруссиядан қуылды. КСРО-ның барлық аумағы

             фашист басқыншыларынан босады.
                 Бұл  шабуылды  тоқтатуға  болмайтын  кез  еді.  Фашистік

             мемлекетті жойып, тұтқында зардап шеккен кеңес адамдарын
             құтқару керек болды. Бұдан тыс, көптеген еуропалық мемле-
             кеттерді Гитлер басып алған еді. Оларды да азат ету Кеңес

             әскерінің  басты мақсатына айналды.



                 Майдан – ұрыс әрекеттері жүргізілген жер, дұшпанмен
                 соғысатын шеп.
                 Блокада – сыртқы ортамен байланысын тоқтату үшін қа-
                 ланы немесе әскерлерді қоршау.
                 Сталинград шайқасы – кеңес әскерінің фашистерді

                 жеңуімен аяқталған Ұлы Отан соғысының ең ірі және
                 маңызды шайқастарының бірі.



                         1. Қазақстанда қанша дивизия жасақталды?
               ?       2. Ленинград блокадасы қанша күнге созылды?

                         3. Ұлы Отан соғысының барысында Сталинград шайқасы қан-
                          дай маңызға ие болды?
                         4. Курск доғасы аймағындағы соғыс әрекеттері туралы әңгіме-
                          ле. Картаны пайдалан (22-сурет).
                        5. Неліктен Кеңес әскерлері  өз жерлерін жаулардан босатқан-
                          нан кейін соғысты аяқтамады? Түсіндір?

                         6. Кестеге маңызды шайқастарды және өткен жылдарын жаз.



                                 Шайқастың                      Шайқас болған
                                    атауы                          жылдары














           40
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45