Page 42 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 42
майдандастарымен бірге кеңес жерін фашистерден азат етті.
Ұрыстардың бірінде ержүрек қыздың бөлімшесі биік бекініс-
ті қорғады. Дұшпан өршелене алға ұмтылды. Қорғаушы-
лардың күші әлсіреді. Жараланған Мәншүк кері бұрылған
жолдастарын қалқалап жауға оқ жаудырды. Бұл биік шепті
фашистер бәрібір ала алмады. Бірақ Мәншүк сол жерде ер-
лікпен қаза тапты.
Ұшқыш Нұркен Әбдіров Кеңес Одағының батыры атағын
алды. Ол жау әскеріне әуеден шүйіліп, фашистердің танкілері
мен басқа да техникасын ебін тауып жойды. Аспанға бір
көтерілгенде Нұркеннің ұшағына оқ тиіп, жана бастады.
Алайда, ол ұшақты фашистер техникасы топтанған тұсқа
қарай қаймықпай бағыттады да, бәрінің күлін көкке ұшырды.
Сұлтан Баймағамбетов те жаумен батыл шайқасты.
Кеңес әскерлері фашистерге шабуылдаған бір сәтте Сұлтан
олардың окопындағы ондаған жаудың көзін жойды. Бірақ
біздің жауынгерлердің екпінін дұшпан бекінісінен бораған пу-
25-сурет. Нұркен Әбдіров және Сұлтан Баймағамбетов
42