Page 46 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 46
ҚАЗАҚСТАН – МАЙДАН АРСЕНАЛЫ
Осы тақырыптан сен:
эвакуация деген не;
Қазақстанды неге майдан арсеналы деп атады? деген
сұрақтарға жауап аласың.
Ұлы Отан соғысы КСРО-ның барлық басқа республикала-
ры үшін ауыр сынақ болды. 1941 жылы қысқа қарай фашис-
тер бүкіл Белоруссияны, Украинаның үлкен бөлігін, Ресейдің
батыс аймағын басып алды. Кеңес Одағының орасан зор
аумағы, мыңдаған фабрикалары мен зауыттары, егістігі мен
жайылымы жаудың қолына түсті.
Неміс армиясы жетпеген республикалар Кеңес Армиясын
оқ-дәрілермен, киіммен және азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Әскерге қажетті өнім өндіру үшін еліміздегі фабрикалар
мен зауыттардың көбісін фашистер басып алған аудандардан
жедел көшіретін мүмкіндік туды. Бұл әрекет эвакуация деп
аталады.
Тек станоктарды ғана емес ғалымдар, конструкторлар,
инженерлер сияқты қажетті мамандарды да отбасымен қоса
көшіру ұйымдастырылды. Көшірілген көптеген кәсіпорындар
Қазақстанның аумағында қайта құрылды. 220 зауыт пен фаб-
рика, 500 мыңнан астам адам қысқа мерзімде біздің респу -
бликаға жеткізілді.
Солтүстіктен оңтүстікке дейін бірнеше мыңдаған шақы-
рымға созылған майдан соғыс техникасын, оқ-дәрі мен қару-
жарақты, азық-түлік пен әскер киімін барған сайын көбірек
қажет етті. Кеңес Армиясына қажетті өнімнің бәрін шығаруды
жеделдету үшін көшіп келген кәсіпорындар өз жұмысын
дереу бастап кетті.
Бұдан тыс, қазақстандықтар соғыс жылдарында 460 зауыт
пен фабриканы, шахталар мен кен орындарын жаңадан
салып, темір жолдар төседі. Он оқтың тоғызы Қазақстанда
өндірілген қорғасыннан құйылды. Елге қажетті көмір, мұнай,
46