Page 47 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 47
28-сурет. Тыл еңбеккерлері
болат, киім, азық-түлікті біздің кәсіпорындар берді. Сондық-
тан Қазақстан – майдан арсеналы деп жиі атала бастады.
Ер азаматтардың дені әскерге алынған соң зауыттар мен
фабрикаларда әйелдер мен балалар еңбек етті. Қазақстан да-
ғы барлық жұмысшылардың жартысын 18 жасқа дейінгі
жастар құрады. Өте қиын болды. Жұмыс күні 10 –11 сағат қа
созылды, демалыс ұмытылды. Тіпті екі-үш ауысымды қата-
рынан өткеріп, тура станоктың қасында ұйық тайтын кездер
жиіледі. Тылда азық-түлік жетіспеді, оны арнайы карточкамен
бере бастады. Алайда, осындай қиындықтар мен шектеулер-
ге қарамастан Қазақстан халқы майданда шайқасып жатқан
әскерге не керек, бәрін жасау үшін қайыспай еңбек етті.
47