Page 51 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 51
керек болды. Қ. Сәтбаев ашқан кен орны елімізге қажетті
марганецтің 70% берді.
Қазақстан ғалымдары ғылымның өзге де салаларында
белсенді жұмыс істеді. Агрономдар өсімдіктердің пайдалы
жаңа сұрыптарын шығарды. Көк-сағыз гүлінен резеңке жасау-
ды үйренді. Резеңке әскери машинаның дөңгелегіне керек
еді. Бидай мен күріштің түсімі артты. Үй жануарларының
жаңа тұқымдары өсірілді. Химиктер қазақстандық шикізаттан
тыңайтқыш алудың жаңа әдістерін жетілдіре түсті.
Тарих ғылымы да ойдағыдай дамыды. Оған Ермұхан
Бекмахановтың қосқан үлесі зор. Соғыс жылдарында өзде-
рі ашқан жаңалық үшін қазақстандық 75 ғалым КСРО-ның
орден-медальдарымен марапатталды.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өнердің рөліне де баға
жетпейді. Соғыс жылдарында патриотизм және Отан қорғау
тақырыбы өнерде үстемдік құрды. Әншілер, музыканттар,
әртістер майдан шебіне дейін барып, Отан қорғаушылар
алдында концерт берді. Ол сарбаздардың рухын көтеруде
маңызды болды. Қазақстан әртістері майдан даласында,
32-сурет. Ермұхан Бекмаханов 33-сурет. Күләш Байсейітова
51