Page 54 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 54
зауыттан шыққан әскери техника бірден ұрысқа кірді.
Осындай ауыр күндерде үй қабырғаларында өлең жа-
зылған парақша пайда болды. Өлең ленинградтықтар-
дың жігерін жандырды, қиындықты еңсеруге жәрдемдесті,
ұрысқа шақырды. Бұл 95 жастағы қазақ ақыны Жамбыл
Жабаевтың өлеңі болатын. Мына үзінді содан алынған:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін.
Өркеш-өркеш жарасқан,
Шоқылардай дер едім.
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
* * *
Қатты майдан алда бар,
Жанышталар айдаһар!
Жата алмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар!..
Жетсін деймін сендерге,
Жыл құсындай өлеңім!
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
54