Page 55 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 55
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІС
Осы тақырыптан сен:
кеңес армиясының фашизммен күрестегі жеңісі туралы
білетін боласың.
Соғыстың алғашқы жылдарындағы сәтсіздіктерге қара-
мастан, Кеңес халқының қаһармандық күш-жігерінің арқа-
сында Кеңестер Одағы жауға ойсырата соққы беру үшін бар
күшін жинай алды.
1944 жылы күзге қарай Кеңес Одағының барлық аумағы
фашистерден азат етілді.
Алайда, соғыс осымен аяқталған жоқ. Фашистік әскерлерді
толығымен жою қажет болды. Әйтпесе олар қайтадан
соғысты бастауы мүмкін еді. Кеңес солдаттары фашистер
басып алған Болгария, Польша, Венгрия, Чехословакия,
Румыния сынды Еуропа мемлекеттерін азат ете бастады.
Ақыры 1945 жылы көктемде кеңес әскері Германияның
бас қаласы – Берлинге келіп жетті. 1 миллионға жуық неміс
солдаттары кеңес жауынгерлерімен қиян-кескі ұрыс жүргізді.
Неміс әскері берілгісі келмей ұзақ жанталасты.
Фашистік Германияның астанасын шабуылдауға қазақ-
стандықтар да қатысты. Әсіресе, қостанайлық 150-ди ви -
зияның үлесі ерекше болды. Фашистік парламенттің ғима-
раты – Рейхстагқа тура осы дивизияның жауынгерлері
шабуыл жасады.
Бұл соғыста соңғы шабуылға қазақстандық Илья Сьянов
басшылық етті. Оның ротасы Рейхстагқа ең бірінші болып
басып кірді. Германия парламенті ғимаратының үстіне
Жеңістің қызыл туын Рақымжан Қошқарбаев желбіретті.
Талқандалған фашистер беріле бастады. Гитлер өзіне
өзі қол салды. Оның генералдары жеңілгенін мойындады.
1945 жылы мамырдың 8-жұлдызында соғыс аяқталды. Осы
55