Page 52 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 52

госпитальдар да          20     мың-

                                                      ға  жуық  концерт  берді.
                                                      Олардың  арасында  Роза
                                                      Бағланова  және  Күләш

                                                      Бай сейітова сынды белгілі
                                                      әншілер  болды.   Жамбыл
                                                      Жа баевтың  «Ленинградтық
                                                      өренім!» атты толғауы Ленин-

                                                      градты  фашистерден  қорғау
                                                      кезінде  халыққа  орасан  зор
                                                      әсер етті. Оның жалынды тар-

                                                      мақтары майдандағы жауын-
                                                      герлер  мен  тыл  еңбеккерле-
                                                      рінің  жігерін  жандандырды.
                                                      Кеңес халқының адал екен ді-

                 34-сурет. Жамбыл Жабаев              гіне,  ісі  ақыры  жеңіске  жеткі-
                                                      зетініне сендірді.
                 1942  жылы  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай»   романының

             бірінші кітабы жарыққа шықты. Ұлы Абайдың өмірі мен шы-
             ғармашылығына  арналған  бұл  кітап  қазақ  халқы  өмірінің
             нағыз энциклопедиясына айналды.
                 Кино  да  ерекше  орынға  ие  болды.  1941  жылы  Мәскеу

             мен  Ленинградтағы  киностудиялар  Қазақстан  астанасына
             көшірілді. Осылардың негізінде киностудия құрылып, көпте-
             ген  фильмдер  түсірілді.  Соның  ішінде  «Жауынгер  ұлы»,
             «Отан үшін» сынды патриоттық фильмдер мен басқа көпте-

             ген туындылар бар.
                 Соғыс  жылдарында  опера  өнері  де  дами  берді.  Абай
             атындағы  Мемлекеттік  опера  және  балет  театры  ашылды.
             1942 жылы Евгений Брусиловскийдің «Гвардия, алға!» атты

             операсы қойылды. Бұл сахнада әлемге танымал балерина
             Галина Уланова биледі.



           52
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57