Page 48 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 48
Әскерге көмектесу үшін республикада ақша жинау
қозғалысы басталды. 10 танк колоннасын, ұшақтар
мен әскери катерлер жасауға қомақты қаржы жиналды.
Арнайы Қорғаныс қоры құрылды. Оған қазақстандықтар
өз есебінен 4 миллион рубльден астам қаражат салды.
Майданға 2 миллионнан астам жылы киім, 1600 вагон
сый лық жөнелтілді. Бұл көмек ұрыс даласындағы әскер
тұрмысын жақсартып қана қоймай, олардың жауынгерлік
рухын көтерді. Жауға қарсы тұратын дайындығын күшейтті.
Фашистер басып алған жерлерден шегінгенде, ар тында
тоналған қалалар мен селолар, қираған кәсіп орын дар
қал дырды. 25 миллион адам баспанасыз қалды. Қа зақ-
стан дық тар азат етілген жерлерге азық-түлік, ет өнімдері,
ауыл шаруашылығы тех никаларын жіберіп, көмек бер ді.
Бұдан тыс, фашистерден босаған аудандарға трактор-
шы лар, механизаторлар, ме ханик тер мен инженер ма-
ман дар барды. Олар жау қиратқан шаруа шылықты кө те-
руге атсалысты. Осындай қолдаудың нәтиже сінде Ке ңес
Одағының азат етілген аудандары қысқа мерзім аралы-
29-сурет. Барлық күш майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін!
48