Page 44 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 44
27-сурет. Хиуаз Доспанова
Партизан отрядтарының құрамында болған көптеген
қазақстандықтар жау тылында шайқасты. Партизан отряды-
ның командирі Қасым Қайсенов жау тылында әрекет етті.
Партизандар оқ-дәрі және жанармай қоймаларына шабуыл
жасап, майданға бара жатқан поездарды жойды. Фашис-
терді орасан зор шығынға ұшыратты. Соғыстан кейін Қасым
Қайсенов жазушы болды. Өзінің әңгімелерінде ол Ұлы Отан
соғысының ең қиын кезеңдерін, қарапайым жауынгерлердің
қалтқысыз ерлігін шынайы суреттеп жазды.
Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов
және Леонид Беда сынды қазақстандық төрт азамат Кеңес
Одағының Батыры атағына екі мәрте ие болды.
Кеңес халқына Жеңіс аса қымбатқа түсті. Соғыста 27 мил-
лионнан астам адам қаза тапты. Оның ішінде 630 мың қа-
зақстандық жауынгерлер де бар.
Кеңес Одағының Батыры – айрықша қаһармандық
және ерлік көрсеткені үшін офицерлер мен жауынгерлер-
ге берілетін атақ.
44