Page 41 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 41
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҰЛЫ ОТАН
СОҒЫСЫНЫҢ МАЙДАНЫНДА
Осы тақырыптан сен:
Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар
туралы білетін боласың.
Қазақстандықтар соғыстың бірінші күнінен бастап ортақ
Отанымыз – Кеңестер Одағын қорғауға кірісті.
Өзінің ерлігі үшін жүз мыңдаған қазақстандықтар медаль-
дармен, ордендермен марапатталды. 500-ге жуық адам Ке-
ңес Одағының Батыры атанды.
Осындай атаққа қазақтың екі қызы – Әлия Молдағұлова
мен Мәншүк Мәметова ие болды.
Соғыс басталғанда Әлия Молдағұлова 16 жаста болатын.
Ол майданға өз еркімен аттанды. Көздеуші мерген болған
Әлия 78 фашистің көзін жойды. Ол бір ұрыста солдаттарды
шабуылға көтеріп, өзі жау окопын бұзып-жара кірді. Әлия 18
жасында ұрыста мерт болды.
Мәншүк Мәметова да өз еркімен соғысқа аттанды. Ол
пулеметші болды. Жауды мергендікпен жапырған Мәншүк
23-сурет. Әлия Молдағұлова 24-сурет. Мәншүк Мәметова
41