Page 35 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 35
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ШАЙҚАСТАРЫ
Осы тақырыптан сен:
Ленинград блокадасы туралы;
Сталинград шайқасы туралы;
Курск шайқасы туралы білетін боласың.
1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғыс кезінде Кеңес Одағы-
ның барлық халқымен бірге қазақстандықтар да фашизмге
қарсы тұрды. 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық
Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Біздің елімізде
20-дан астам дивизия жасақталып, майданға аттандырылды.
Қазақстандық солдаттар мен офицерлер ең қиын шайқастар-
ға қатысып ерлік көрсете білді. Әсіресе Мәскеу, Ленинград,
Сталинград, Курск шайқастарында көзге түсті.
1941 жылы ең қатал шайқастардың бірі Ленинград қала-
сының маңында болды. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург
қаласы) маңыздылығы бойынша Кеңес Одағының екінші
қаласы болып саналатын. Кеңес әскері жаудың тегеурініне
төтеп бере алмай шегінуге мәжбүр болды. Ленинград қоршау-
да қалды. 1941 жылы қыркүйекте жау қалаға кіреберіс маңды
түгел басып алды. Ленинградқа азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек,
отын жеткізілетін жолдардың бәрін гитлершілер кесіп тастады.
Сөйтіп, Ленинград блокадасы басталды.
Қаһарман қала 900 күнге созылған адамзат тарихының ең
үрейлі блокадасына ерлікпен төтеп берді. 1941–1942 жыл-
дағы қыс ерте басталып ерекше суық болған екен. Сол қыста
қалаға жылу берілген жоқ. Біраздан соң су беруде тоқтатыл-
ды. Азық-түлікпен қамтамасыз ету де өте әлсіз болған. 1942
жылдың қысында бір жұмысшыға 250 грамм нан беретін бол-
са, қызметкерлер, балалар және қариялардың нормасы 150
грамнан аспаған.
35