Page 33 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 33
Кеңес әскерлерінің Мәскеу түбіндегі қаһармандық қорға-
нысы басшылыққа резерв дайындауға мүмкіндік берді.
Мәскеу түбіне жаңа дивизиялар келіп жетті. Армия жаңа
танктермен, зеңбіректермен, ұшақтармен қаруланды. КСРО
одақтасы саналатын Англия мен АҚШ елеулі көмек көрсетіп,
кеңес әскерлерін танкпен, ұшақпен, автокөлік және азық-
түлікпен жабдықтады.
1941 жылы желтоқсанда кеңес әскерлері шабуылға шы-
ғып, Мәскеу түбінде немістерді талқандады. Бұл шабуылға
Панфилов дивизиясы да қатысты. Ол өзінің даңқты жауын-
герлік жолымен жүріп өтіп, көптеген Кеңес жерлерін жаудан
азат етті. Дивизияның солдаттары мен офицерлері тағы да
көптеген ерліктер жасады.
Фашистердің Мәскеу түбінде қирай жеңілгеніне қарамас-
тан, жау армиясы әлі де қуатты болатын. Олар күш жинап,
1942 жылы енді оңтүстіктен килігіп, Еділ бойын жаулап алу
үшін жаңа шабуыл бастады.
17-сурет. Танк дивизиясы
33