Page 28 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 28

Біздің сарбаздар бір ай бойы толассыз жауған оққа төтеп

             берді. Оның ең соңғы сарбазы қабырғаға: «Мен өліп барамын,
             бірақ берілмеймін!» деп пышақпен қырнап жазып кетті. Күш
             сарқылып, фашистер қамалға басып кірді.
                 Миллиондаған  адамдар,  оның  ішінде  балалар  да  өз
             Отанын  қорғау  үшін  қолына  қару  алды.  Фашистер  жаулап
             алған жердегі адамдар орманға кіріп, партизан отрядтарын
             құрды, сөйтіп жаумен тайсалмай соғысты.



                Ұлт – тарихи тұрақтылықта қалыптасқан, тілі мен жерінің
                ортақтығы  топтастырылған  және  өзінің  бірлігін  сезінген
                адамдар тобы.
                Нацистер немесе фашистер – жер бетінде бір ғана ұлт
                болу керек деп мәлімдеген адамдар. Олардың пікірінше
                басқа ұлттар жойылуы керек.



               ?         1.  Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
                        2.  Картада (8-сурет) соғыстың алғашқы күндеріндегі фашистік
                           әскерлердің шабуылын көрсет.
                         3.  Неге КСРО үшін фашистермен соғыс күтпеген жағдай бол-
                           ды? Жауабыңды мәтіннің сөздерімен раста.
                        4.  Қалай  ойлайсың  9-суреттегі  платкаттардың  авторлары
                           адамдарға не айтқысы келді?
                         5.  Қалай ойлайсың 10-суреттегі партизандар не істеп жатыр?
                        6.  Партизандар кім екенін түсіндір.
                         7.  Жоспар құр және 11-сурет бойынша Брест бекінісінің қорға-
                           нысы туралы айтып бер.
                                           Әңгіме жоспары:
                        1)  Брест  қаласының  картада  қайда  орналасқанын  көрсет
                           (8-сурет).
                        2) Брест бекінісінің қорғанысы қашан басталды?
                        3) Қорғаныс қанша күнге созылды?
                        4) Бекіністі қорғауға қазақстандық жауынгерлер қатысты ма?
                        5) Брест бекінісінің қорғаушылары қалай шайқасты? Әңгімеле.
                        6) Ту ұстаған әскери адамды сипатта. Қалай ойлайсың, мұндай
                           сәттерде сарбаз не айтуы мүмкін?
                        7) Қамалдың қорғануы немен аяқталды?
                        8) Неге кеңес сарбаздары бекіністі осылай қорғады?


           28
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33