Page 29 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 29
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ МӘСКЕУ
ҮШІН ШАЙҚАСТАҒЫ ЕРЛІГІ
Осы тақырыптан сен:
Мәскеу қорғанысы туралы;
Панфиловшы-батырлардың ерлігі туралы дерекке
қанығасың.
Фашистер суық түскенше соғысты аяқтап, 1941 жылы күз-
де КСРО астанасы Мәскеу қаласын басып алмақ болды.
Олардың танк дивизиялары алға ентелей жылжыды.
Кеңес әскерлерінің көбісі қоршауға түсіп, талқандалды.
Фашистер Белоруссияның астанасы Минск қаласын маусым
айында жаулап алса, қыркүйекте олар Украинаның астанасы
Киев қаласын алды.
Қыркүйек айының соңында Гитлер: «Мәскеуге шабуыл жа-
саңдар!», – деген бұйрық берді. Олардың танктері мен ұшақ-
13-сурет. Мәскеу қарамағындағы шайқас
29