Page 61 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 61
СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЕЛДІҢ ӨМІРІ
Осы тақырыптан сен:
біздің еліміз соғыстан зардап шеккен республикаларды
қалпына келтіруде қандай рөл атқарды;
соғыстан кейінгі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
қандай жағдайда болды сұрақтарға жауап табасың.
Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысы жылдары ауыр шығын-
дарға ұшыраған. 2000-ға жуық қала, ондаған мың ауылдар,
30 мыңнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар және көптеген
темір жолдар жойылды. Сонымен қатар, миллиондаған
егістік жерлер өртеніп, жарамсыз болып қалды, мал басы
күрт төмендеді. Бірақ біртіндеп ел толықтай қалпына келді.
Бүкіл ел үшін ортақ халық шаруашылығын қалпына келтіру
және одан әрі көтеру міндетін орындауда біздің халқымыз
ерекше орын алды.
КСРО-ның бүкіл батыс бөлігін, оның ішінде өнеркәсіпті де,
ауыл шаруашылығын да қай та құру қажет болды. Соғыстан
кейінгі бірінші жаз сәтсіз болды. Қазақ елі соғыстан зардап
шеккен республикаларға азық-түлік, шикізат, кендер, ме-
тал дар, маталар жеткізуі керек еді. Соғыс кезінде біздің елі-
мізге көшкен зауыттар мен фабрикалар орналасты, жаңа
кәсіпорындар салынды. Сондықтан Қазақ республикасының
өнеркәсібі соғысқа дейінгі деңгейден едәуір асып түсті. Енді
бұл саланың бәрі КСРО-ны қалпына келтіру үшін аса жұмыс
істеуі керек деген мақсат қойылды.
Бірақ соғыстың салдары еліміздің экономикасы үшін
ауыр болды. Өнеркәсіп өнімдерінің көптеген түрлерінің,
әсіресе, көпшілік тұтынатын заттардың өндірісі қысқарды.
Кәсіпорындарда жартылай әскери еңбек тәртібі сақталды.
Бұл елдің жағдайын тез көтеру үшін қажет болды. Олар
соғыс жылдарындағыдай көп жұ мыс істеді. Зауыттарда,
фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жұмыс-
61