Page 63 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 63
адамдар біздің жерімізге тұрақтап, оны өзінің екінші
Отаны деп санады. Бұл республика экономикасының ғана
емес, мәдениетінің де дамуына оң әсерін тигізді. Адамдар
шаруашылық жүргізу тәжірибесімен алмасты. Бұл әсіресе
ауыл шаруашылығында айқын көрінді. Қазақтар өздері үшін
жаңа көкөніс, күріш, астық дақылдарын өсіре бастады. Жаңа
ұлтаралық дәстүрлер пайда болды. Мектептерде сауатты
мұғалімдер көбейе түсті.
Адамдар экономиканы қалпына келтіру үшін бар күшін
салды. Мемлекет өзінің бұрынғы күші мен әл-ауқатын елге
қайтару үшін бірқатар шаралар қабылдады. Соғыстан
кейін Қазақ КСР басшылығы халықтың сауаттылығы мен
әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлді. Соғысқа дейінгі
барлық мектептерді қалпына келтіріліп, жаңа мектептер
ашылды. Шалғайдағы ауылдардағы жетімдер мен балалар
үшін мектеп-интернаттар ашыла бастады. Халыққа тегін
медициналық көмек, оқушыларға тегін оқу және стипендия
қамтамасыз етілді. Осының бәрі біртіндеп елдің жағдайын
көтерді.
? 1. Неліктен Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақ КСР өнеркәсібінің
дамуы орын алды?
2. Біздің елімізден соғыстан зардап шеккен республикаларға
не жіберді?
3. Неліктен ел басшылығы білімге ерекше назар аударуды
шешті?
4. Неліктен елімізде соғыстан кейін жұмыс күші мен ауыл ша-
руашылығы мамандарының тапшылығы орын алды?
5. Соғыстан кейін Қазақ Республикасы КСРО-ны қалпына
келтіруге қалай көмектесті?
6. Қазақ елінің басшылығы өз халқының өмір сүру деңгейін
қалай көтерді?
7. Соғыс жылдарында басқа республикалардан қазақ жері не
түрлі халықтардың қоныс аударуы бізге қандай пайдасын
тигізді.
63