Page 66 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 66

1950–1970 ЖЫЛДАРДАҒЫ

                   ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫ


                 Осы тақырыптан сен:

                    ауыр өнеркәсіптің дамуы туралы;
                    жеңіл өнеркәсіп және оның дамуы туралы;
                    жол құрылысы туралы білетін боласың.

                 Қазақстан аумағында 1950–1970 жылдары экономиканың

             негізгі  бағыты  өнеркәсіп  болды.  Оның  үстіне  ауыр
             өнеркәсіптің дамуы басым түсіп жатты.
                 ХХ  ғасырдың  50-жылдарында  Қазақстанда  шикізат  өң-
             деу  үшін  ірі  кәсіпорындар  салынды.  Бұл  –  Теміртау  қала-

             сындағы Қарағанды металлургия және Рудный қаласындағы
             Соколов-Сарыбай  кен  байыту  комбинаттары.  Өскеменде
             қорға сын-мырыш комбинаты салынды. Осы кезде Қазақстан-
             да барлығы 700-ден астам жаңа кәсіпорындар бой көтерді.

                 Петропавлда  ауыр  машина  жасау  зауыты  салынды.  Ол
             Кеңес армиясы үшін қару-жарақ шығарды. Алматыда және
             Қарағандыда ірі зауыттар жұмыс істеді. Олар станоктар, қоз-
             ғалтқыштар, қару-жарақтар шығарды.

                 Электр  қуатымен  қамтамасыз  ету  үшін  Ертістің  бойын-
             да – Өскемен және Бұқтырма, Сырдария өзенінде – Шарда-
             ра,  Іле  өзенінде  –  Қапшағай  су  электр  станциялары
             салынды.

                 Қазақстанда  химия  өнеркәсібі  дами  бастады.  Жамбыл,
             Шым кент  және  басқа  қалаларда  тыңайтқыш,  пластмасса,
             химия лық талшықтар өндіретін ірі комбинаттар пайда болды.
             Ре зеңке  өндірісі  бойынша  Қарағандыда  кәсіпорындар

             құрылды.
                 1970 жылдары жеңіл өнер кәсіп дами бас тады.
                 Қазіргі Алматы, Шымкент, Семей және Қостанай қалалары
             ірі  жеңіл  өнеркәсіп  орталығына  айналды.  Тамақ  өнеркәсібі



           66
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71