Page 70 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 70
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫҢ ИГЕРУ
Осы тақырыптан сен:
тың жерлер неге игеріле бастады;
тың игерушілер деген кімдер;
тыңды игеру қалай жүргізілді деген сұрақтарға жауап
табатын боласың.
Елдегі адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету Ұлы
Отан соғысынан кейін ауыр жағдайда болды. Нан жетіс-
пендіктен, оны карточка бойынша таратып беруге тура келді.
Сондықтан бидай өндіруді арттыру үшін егістік жерлердің
көлемін көбейту туралы шешім қабылданды.
1954 жылы Қазақстан және Сібір аумақтарында тың жер-
лерді игеру басталды.
45-сурет. Тың игеру кезіндегі плакат
70