Page 71 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 71

Қысқа мерзім аралығында Қазақстанда 25 миллион гектар

        жаңа  жерлер  жыртылды.  400-ге  жуық  жаңа  елді  мекен-
        дер салынды. Бұл жерлерде қазақтар дәстүрлі мал шаруа-

        шылығымен айналысқан еді. Аз уақыттың ішінде олар дәс-
        түрлі өмір үрдісін өзгертіп, егіншілікпен айналысты. Қазақстан
        жұртшылығы тың игеруге белсене атсалысты.
            Қазақстан  аумағының  өзінде  бұл  тыңды  игеруге  халық

        жетіспеді. Сондықтан тың жерлерге тұрғындарды КСРО-ның
        орталық аймағынан көшіру басталды. 1954–1956 жылдары
        Қазақ жеріне барлығы 640 мыңнан астам адам келді.

            Ел тұрмаған ен далаға келген соң тыңигерушілер ендігі
        тіршілікті  шатырларда,  вагон  қораптарында,  жертөлелерде
        бастады. Олар жолсыз мекенге қалың қарды омбылап жүріп

        техника, тұқым, құрал-жабдық пен құрылыс материалдарын
        жеткізді.
            Қазақ  жеріне  жаңа  тракторлар,  комбайндар,  жүк  маши-

        налары  әкелінді.  Ауылдық  жерлерде  тың  игерушілер  үшін
        жаңа  мектептер,  ауруханалар  салынды.  Тың  игерудің
        алғашқы жылдарында республикамызда астық жинау 4 есе-

        ге артты.
            Бірнеше миллион гектар жерді игеруге ұмтылған мұндай
        аса  күрделі  жоба  Қазақстанның  тарихына  да  орасан  зор

        ықпал етті. Оның жағымды да жағымсыз салдары болды.
            Жағымды нәтижесі – тың игеру арқылы Қазақстан астық
        өндірісі  бойынша  әлемдегі  аса  ірі  орталықтардың  біріне
        айналды.  Ауыл  халқы  жаңа  мектептерге,  медициналық

        мекемелер мен дүкендерге, мәдени клубтарға ие болды.
            Жағымсыз  салдары  –  жер  қыртысының  эро зиясы.
        Кең көлемді жерлерді есепсіз жыртудан құнарлы топырақ

        беттері  желмен  ұшып  кетті.  Сөйтіп  экологиялық  тепе-
        теңдіктің бұзылғаны жан ға батады.




                                                                                       71
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76