Page 73 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 73

47-сурет. Тың жерді игеру


            1980 жылдарға қарай ауыл шаруашылығының өнім ділігі
        қайта құлдырады. Оған экономиканы басқару негізінің өзі
        себеп болды. Жұмыс нәтижесіне сай еңбекақы төленбеді.

        Өнімнің  бағасын  мемлекет  белгіледі.  Ол  төмен  болған-
        дықтан  шығынды  өтемеді.  Ауыл  шаруашылығы  техника-
        лары  ескірді.  1974  жылы  ауыл  шаруашылығында  жұмыс
        істегендерге  паспорттар  беріле  бастады.  Паспорт  алған

        көптеген  ауыл  тұрғындары  жаппай  қалаға  кете  бастады.
        Өнімді  жинау  жұмысына  жыл  сайын  қалалықтарды,  сту-
        денттер мен оқушыларды жіберді.
            Үкіметке  астық  пен  басқа  да  өнімдерді  шет  елден  са-

        тып  алуға  тура  келді.  Сол  кезде  өнім  тауарларын  сатып
        алу үшін кезекке тұру орын алды. Кеңес экономикасында
        дағдарыс жалғаса берді.



                                                                                       73
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78