Page 72 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 72

Алғашқы жылдары егістік түсімі ойдағыдай болғанымен,

             келе-келе  бұл  көрсеткіш  төмендей  берді.  1963  жылы  елді
             астықпен  қамтамасыз  ету  мәселесі  тағы  туындады.  Жыл
             сайын сырттан астық сатып алуға тура келді.

                 Қазақстанда тың жерлердің орасан зор аумағы жыртыл-
             ған  соң  шабындық  пен  жайылым  жерлері  күрт  қысқарды.
             Республикамыздағы  ауыл  шаруашылығының  дәстүрлі  са-
             ласы – мал шаруашылығының деңгейі төмендеді. Мал саны
             азайды.

                 Тек 1970 жылдары ғана топырақ қабатын сақтаудың жаңа
             технологиялары  жетілді.  Жаңа  тыңайтқыштар   қолданыла
             басталды.  Ауыл  шаруашылығының  өнімділігі  артты.  Қазақ-

             стан ның оңтүстігінде көкөніс шаруашылығы, жеміс және бақ-
             ша дақылдарын өсіру дамыды.







































                                      46-сурет. Тың игерушілер



           72
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77