Page 62 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 62
шылар мен мамандар
жетіспеді. Бұл бірқатар
себептерге байла нысты
болды. Соғыс кезінде
Қазақ жеріне қоныстан ған
мамандардың көпші лігі
туған жерлеріне орал ды.
Көптеген қазақстандықтар
майданға аттанды және
40-сурет. КСРО кезіндегі плакат соғыстан орал мады. Со-
ғыс кезінде жаңа маман-
дарды даярлау бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ. Маман
тапшылығы туындады. Сондықтан республикада барлық
жерде жұмысшы және ауыл жастарының мектептері мен
училищелері құрыла бастады. Бірнеше жылдан кейін елі-
міздің өнеркәсібінде білікті мамандар саны артты.
Соғыстан кейін ауыл шаруашылығы әлсіреді. Оның
да өз себептері бар еді. Соғыс кезінде жерлерді үнемсіз,
демалыссыз пайдаланды. Ол жәймендеп астықтың өнімін
азайтты. Мал басы айтарлықтай төмендеді. Үкімет ауыл
шаруашылығы деңгейін көтеруді мақсат етіп қойды. Ол үшін
мамандар оқытылды, техника бөлінді, егістік тұқымдар сатып
алынды. Қазақ халқы аштықта өмір сүрді, бірақ қолыңда
бардың бәрімен бөлісті. Барлық қиындықтарға қарамастан,
қазақ елі фашистік оккупациядан зардап шеккен КСРО
аудандарына халық шаруашылығын қалпына келтіру мен
дамытуда көмек көрсетуді жалғастырды. Бізден ағаш, көмір,
металл, машиналар, құрал-саймандар, астық пен басқа да
өнімдер тиелген пойыздар жөнелтілді. Қазақ республикасы
елдің 12 қаласы мен 45 ауданын өз қамқорлығына алды.
Соғыстан кейін еліміздің жерінде қоныс аударған көптеген
халықтар өмір сүрді. Қонақжай қазақтар бір кездері оларды
өз қоныстарына қабылдаған. Оларға тамақ, киім беріп,
үй салуға көмектесті. Қуғын-сүргінге ұшыраған көптеген
62