Page 79 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 79

Батырым,
                          Жүрегі – піл,

                          Жотасы – нар!
                          Ерлікке тарих сынар,
                          Ата сынар
                          Қандай күш тартты сені?..
                          Ол ерліктің

                          Бар әлі,
                          Болғанда да көкесі бар!

                          О, Адам!
                          Құдіретті нар-тынысың,
                          Жеңдің сен
                          Жердің сұмдық тартылысын.
                          Осылай жеңсең тірлік тауқыметін

                          Есінен шығармайды ел,
                          Бар туысың.
                          Құттықта, Гагарин дос,

                          Мына Күн, мына бізді,
                          Мына аспанды,
                          Даламызды!
                          Тамаша гүл мұхиты, шат күлкісі
                          Көңілі босаған Жер-анамыздың.

                          Әкелді қыздар саған
                          Қай-қайдағы
                          Плакат,
                          Дүниенің бар байрағын.
                          Жігіт деп,
                          Атып тұрды ардагерлер,

                          Міне осы –
                          Ең үлкен сый,
                          Нар мейрамың!
                                            (О. Сүлейменов бойынша)



                                                                                       79
   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84