Page 81 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 81
Өмір сүру ұзақтығы бірнеше жылға
қысқарды. Уланудан туындаған ау-
рулардан көптеген адамдар зар-
дап шекті. Бұл аурулардың қауіпті-
лігі ауру салдары ұрпақтан-ұрпаққа
ұласатын болды. Атом қаруын сы-
наудың салдарынан полигон ма-
ңайында тұратын адамдар әлі күн-
ге дейін қасірет шегуде.
Тек 1991 жылы 29 тамызда тә -
уелсіздік алғаннан кейін Нұрсұлтан
Назарбаевтың Үкімімен Семей
ядролық полигоны жабылды. Бұған 52-сурет. О. Сүлейменов
танымал антиядролық қозғалыс
«Невада – Семей» және оның жетекшісі Олжас Сүлейменов
өте маңызды рөл атқарды.
Семей полигонынан тыс, КСРО билігі Қазақстанның же-
ріне басқа да әскери полигондар салды. Арал теңізінің бір
аралында «Жандану аралы» деп аталатын полигон болды.
Мұнда вирустар мен бактериялардың әсерін жануарлар
арқылы сынап көрді. Қатерлі вирустардың жаңа түрлері
жасалды.
Қарағанды және Жамбыл облыстарының шекарасында
әртүрлі соғыс ракеталарын сынақтан өткізу үшін «Сарыша-
ған» полигоны пайдаланылды. 1961 жылы осы жерде оқ-
тұмсығы атомды ракетаның бірнешеуі жарылды. Батыс
Қазақстандағы «Ембі» полигонында зенитті ракеталар
сыналды. Атырау облысындағы «Азғыр» полигонында да
бірнеше атомдық жарылыс жасалды.
КСРО билігі осы жерлерде тұратын адамдардың құқығын
елемеді. Полигондардың тұрған жері құпияланды, көп адам
олардың бар екенін де білмеді.
81