Page 80 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 80

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ



                 Осы тақырыптан сен:
                   Варшава келісім шартындағы елдермен НАТО

                   арасындағы қатынастар туралы;
                   ядролық қару және ядролық полигон туралы білетін
                   боласың.

                 Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  КСРО  және  АҚШ  тә-

             різді бұрынғы одақтастар арасындағы қатынас күрт бұзыла
             бастады. Бүкіл әлем екі әскери-саяси одаққа бөлінді. Бір жа-
             ғында  КСРО  және  оның  одақтастары  тұрды.  Бұл  одақ
               Варшава  келісім  шарты  деген  атау  алды.  Екінші  жағында

             АҚШ, Англия, Франция және оның одақтастары тұрды. Бұл
             одақ  Солтүстік Атлант келісім шартының Ұйымы, қысқаша –
             НАТО деп аталды.
                 Екі жақ та жанталаса қаруланды. Бұл елдердің ғалымдары

             қарудың жаңа түрлерін ойлап тапты. Оның ең қорқыныштысы
             және қиратқышы атом немесе ядролық қару болды.
                 АҚШ  ғалымдары  атом  қаруын  жасауды  Германия  мен
             Жапонияға  қарсы  соғысып  жатқан  кезде-ақ  бастаған.  1945

             жылы  тамызда  америкалықтар  Жапонияның  Хиросима
             және Нагасаки қаласына атом бомбасын тастады. Бұл әлем
             тарихындағы тұңғыш және жалғыз оқиға.
                 Кеңес Одағы да атом қаруын шығаруды қолға алды. Оны

             сынау үшін Семей қаласына жақын жерден полигон салынды.
             Атом қаруының алғашқы сынағы Семей полигонында 1949
             жылы жасалды. Осы полигон істеп тұрған жылдардың ішінде
             барлығы 600-ден астам атом заряды жарылды. Бұл сынақтар

             Қазақстан жері мен еліне орасан зор залал келтірді. Ұлан-
             байтақ аумақ радиоактивті қалдықтармен уланды.
                 Жергілікті тұрғындар радиоактивті уланудың барлық сұм-
             дығын басынан өткерді. Аймақта балалар  өлімі 5 есе өсті.



           80
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85