Page 84 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 84
Қуат алу үшін тек
көмір мен мұнайды жаға
бермей, оның басқа
да тәсілдері бар деп
ғалымдар әлдеқашан
айтқан. Қуат алудың
қауіпсіз жолдары –
баламалы энергия деп
аталады. Оның бірі –
жел қуатын пайдалану.
Адамдар желдің қуатын бұрын да өз мақсатына пай-
даланған. Желдің көмегімен диірменмен ұн тартқан және
адамдар кемелермен теңізде жүргізген. Электр қуатын
алу үшін желдің күшін жаратуға біз енді қайта оралып
жатырмыз.
Энергияның тағы бір таусылмайтын бұлағы – күн сәу-
лесі. Күн батареясының көмегімен күннің тура өзінен қуат
алуға болады. Электр қуатын судың көмегімен де, теңіз
құйылысынан да, жер қойнауының қызуынан да алуға
болады.
Қазіргі қалыптасқан энергия көздерінен бас тартып,
қауіпсіз тәсілдерді дамытуға ұмтылған елдердің қатары
барған сайын арта түсуде. Қазақстан да өзіне осындай
мақсат қойды. Бұл келешек ұрпақ үшін табиғатты сақтап
қалуға көмектеседі.
84