Page 88 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 88

3.  Қазақстанның миллионнан астам тұрғыны бар қалаларын
                           атап айт.
                         4.  Сендердің елді мекенде қанша адам тұрады?
                        5.  Өз елді мекеніңнің туындау тарихын  біл және айтып бер.



             Бұл қызық
                                   Қазақстанның астаналары


                  Өткен  тарих  аралығында  қазақ  халқының  бірнеше
               астанасы  болған.  Қазақ  хандығы  құрылған  соң  орта

               ғасырларда  астана  бірнеше  рет  өзгерді.  Әуелі  Сығанақ
               қаласы  астана  болды.  Онда  ұзақ  уақыт  бойы  Алтын
               Орданың шығыс бөлігіндегі хандар ордасы тұрды. Жайық

               өзенінің  сағасындағы  ежелгі  Сарайшық  қаласы  Қасым
               ханның кезіндегі астана еді.
                  Кейін  ұзақ  уақыт  бойы  астана  Түркістан  қаласына

               орнықты.  Бұл  қала  Қазақ  хандығының  саяси  ғана  емес,
               мәдени  және  рухани  астанасы  болды.  Түркістанда  түрік
               әлемінің киесі  – Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі тұр.
                  1920  жылы  Қазақ  ұлттық  автономиясы  құрылған  соң

               Қазақстанның астанасы Орынбор қаласы болған еді. Ол
               қала 1925 жылы Ресейге берілді де, астана Қызылорда

               қаласына  көшті.  Бірақ,  өте  қолайсыз  болғандықтан
               астана онда екі-ақ жыл тұрақтады. Өйткені, темір жолдар
               салынғаннан кейін бұл қала республиканың негізгі өндірістік
               орталығынан шет қалған еді.

                  1927  жылы  астана  Алматыға  ауыстырылды.  Қала
                 жылдам өсе бастады. Ол мәдениет пен білім және өндіріс
               орталығына  айналып,  Кеңес  Одағы  қалаларының  ара-

               сында баулы-бақшалы ең «жасыл» қала саналды. «Бақ-
               қа  оранған  қала»  деген  атауы  да  өзіне  әбден  лайық
               болатын.




           88
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93