Page 90 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 90

ЕҢБЕКШІЛЕРДІҢ ӨМІРІ


                 Осы тақырыптан сен:
                   халықтың соғыстан кейінгі жылдардағы тұрмыстық
                   деңгейі туралы білетін боласың.


                 КСРО-да халықтың тұрмыстық деңгейі үнемі өзгеріп тұр-
             ды. Тұрғындардың жоқшылық пен аштықтан титықтаған ке-
             зеңдері де болған. Одан кейін мемлекет тұрғындарының шет
             елдегіден кем тұрмаған кездері де болды.

                 Ұлы Отан соғысынан кейінгі ел өмірі қиын еді. Азық-түлік
             тап шылығы  сезілді.  Негізгі  тауарлар  карточка  бойынша
                 бөлінді.
                 Уақыт өте келе КСРО экономикасы қалпына келді. Оның

             деңгейі жаймен жоғарылады. Карточкалар жүйесі жойылып,
             азық-түлік дүкендерде еркін сатыла бастады.
                 Өмір сүру деңгейі көтерілді. Тың игерілгеннен кейін нан
             төмен бағаға сатылды. Тұрғын үйлер тез салынды. Тұр ғын-
             дардың басым көпшілігін шағын болса да жеке баспанамен
             қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  туды.  Пәтерлер  жекеменшік

             емес, мемлекеттік болып есептелді. Кезегі жеткен адамдар
             баспананы  тегін  алды,  бірақ  сатып  немесе  мұраға  бере
             алмады.
                 1960  жылдардың  соңында  өмір  сүру  деңгейі   бойынша
             КСРО  әлемдегі  дамыған  елдердің  қатарына  қосылды.

             Адамдардың  орташа  еңбекақысы  мұқтаждық  көрмей,  қа-
             жетті затын сатып алуына жетті. Бірақ, барлық тауарлар қол
             жетімді болмады. Әйтсе де, әсіресе өнеркәсіпті аймақтарда,
             1970 жылдардың басында ғы өмір деңгейі айтарлықтай жоға-
             ры  болды деп есептеген дұрыс.
                 Дегенмен,  үнемі  соғысқа  дайындалу  шығындары  және

             мемлекетті басқаруда жіберілген қателіктер тұрмыста мол-
             шылық өсімін тоқтатты. Батыс мемлекеттерде өмір сүру дең-
             гейі  жедел  ілгерілесе,  кеңес  азаматтарының  деңгейі  олар-



           90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95