Page 95 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 95
1970 жылдары халық өсімінің азаюына байланысты
мектептер мен оқушылар саны да қысқарды. Қазақ мек теп-
терінің саны айтарлықтай азайды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда орыс тілінде
оқытатын мектептер басым түсе бастады. Шағын ауылдар
мен селоларда мектептер жабылды немесе біріктірілді.
1950–1980 жылдары республикада қазақ тілінде оқытатын
600-ден астам мектеп жабылды. Кейбір мектептер қазақ және
орыс тілдерінде қатар оқытты.
Жоғары білім беру жүйесі де дами берді. Жоғары білім
беретін мекемелердің саны біртіндеп артты. Егер 1950 жыл-
дары Қазақстанда олардың саны 26 болса, 1980 жылы 55-ке
жетті. Барлық облыстың орталығында мұғалімдер дайын-
дау үшін педагогикалық университеттер, көптеген қалалар-
61-сурет. КСРО кезіндегі оқушы қыздар
95