Page 96 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 96
62-сурет. Социалистік Еңбек Ерінің жұлдызы
да инженерлер дайындайтын институттар ашылды. Универ-
ситеттерде 250 мыңнан астам адам оқыды. Бұл Қазақ КСР
тұрғындарының білім деңгейінің жоғарылауына ықпал етті.
Социалистік Еңбек Ері – бейбіт кезде сіңірген орасан
зор еңбегі үшін берілетін Кеңес Одағындағы жоғары
марапат.
Мемлекеттік сыйақы – өнер, әдебиет немесе ғылым са-
ласына қосқан үлесі үшін берілетін сыйлық.
? 1. Соғыстан кейін Қазақстан ғылымы қалай дамығаны туралы
мәтіннен тауып, оқы.
2. Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті кім?
3. Социалистік Еңбек Ері атағы не үшін берілген?
4. Археолог Қ.Ақышев нені дәлелдеді?
5. Соғыстан кейін қазақ ғалымдарының қандай жаңалықта ры
әлемге танымал болды?
6. Міндетті сегіз жылдық мектептік білімді негіздеген Заң қай
жылы қабылданды?
7. Қазақ тілінің қолдану аясы неге қысқарды?
96