Page 100 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 100
1950–1980 жыл дары қа зақ ки не матография сы ның да
гүл ден ген тұсы еді. Режис сер әрі актер Шәкен Айма нов тың
фильм дері әлемге та нылды. 70-тен астам фильм тү сі рілді.
КСРО-ның өзге де рес пуб ли ка ларында түсірілген фильмдер
қазақ тіліне ауда рылды.
Театр өнері де белсенді да мы ды. Барлық облыс
орталықта рын да театрлар жұмыс іс теді. Ұйғыр, неміс, корей
те атр ла ры ашыл ды. Асанәлі Әші мов, Әми на Өмір зақова
сынды бас қа да көпте ген актёрлер Қазақстанның мақтаны-
шына айналды.
Совет одағы кезінде мәдени еттің даму бары сы күрделі
бол ды. Бір жағынан жетіс тіктер барлық салада көрініс тапты.
Екінші жағынан, қазақ тілін біртіндеп ығыстыру үрдісі белең
алды. Үкімет КСРО-ның барлық халықтарын орыс тілінде
сөйлетуге тырысты.
Мектеп пен университетте орыс тілі негізгі оқыту тіліне
айналды. Кітаптардың 95%, телехабарлардың 70% орыс
тілінде шықты.
Нәтижесінде қоғам салаларында, күнделікті өмірде қа-
зақ тілінің қолдануы күрт азайды. Ақыры 1970 жылдардың
соңына қарай қазақтардың үштен бірі өзінің ана тілін мүлдем
білмейтін дәрежеге жетті. Қазақтар өз елінде кемсітуші лікке
ұшырады.
Лениндік сыйлық – КСРО-дағы ғылым, мәдениет, өнер
саласындағы жетістіктері үшін ең жоғары марапат.
? 1. Қазақстан Республикасының әнұран музыкасының авторы
кім?
2. М. Әуезов Лениндік сыйақыға қандай шығарма үшін ие болды?
3. Қазақстандық әншілердің қайсысы әлемге әйгілі еді?
4. 1950–1980 жылдардағы қазақстандық музыка өнерінің
дамуы туралы айтып бер.
5. 1950–1980 жылдары қазақстандық өнердің дамуы туралы
қорытынды жаса.
100