Page 97 - History_of_Kazakhstan 9 class
P. 97
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
Осы тақырыптан сен:
Кеңестік Қазақстанның аса танымал әдебиетшілері
туралы;
қазақстандық әртістер мен әншілер туралы білетін
боласың.
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанның мәдениеті
да ми түсті. 1958 жылы Мәскеу де қазақ әдебиеті мен
өнерінің көрмесі өтті. Бұл қазақ музыканттары мен ән-
ші лерінің концерті тамашаланған өзіндік фестиваль еді.
Онда суретшілердің көрмесі өтті, жазушылар мен ақын-
дар өз шығармаларын ұсынды. Бүкіл Кеңестер Одағы қа зақ
мәдениетімен та ныс ты.
Аса көрнекті жазушы Мұх тар Әуезов Қазақстан ның
әдебиетін дамытуға орасан зор үлес қосты. 1959 жылы оның
«Абай жолы» романы КСРО-дағы ең жоғарғы марапаттың
бірі – Лениндік сыйақыға лайық деп табылды.
Олжас Сүлейменовтің шы ғар машылығы да өзгеше
әрі қызықты болды. Оның поэ ма ла ры мен өлеңдері аса
танымал дығымен ерекшеленді. 1974 жылы ол «Аз и Я»
кітабын жазды. Ав тор онда әлемдік тарихта елеулі орны
болған қазақтар дың арғы бабалары туралы айтып, кеңестік
тарих ғылымын сынады. Бұл КСРО басшыларына ұнамады,
сөйтіп кітаптың таралуына тыйым салынды.
1950–1970 жылдары қазақ музыка өнерінің одан ары да-
мыған кезеңі болды. Бұл кезде республикада Абай атындағы
Академиялық опера және балет театры, Мемлекеттік фи-
лармония, Хор капелласы жұмыс істеді. Құрманғазы атын-
дағы Академиялық халық аспаптары оркестрі, ән және
би ансамбльдері, симфониялық оркестр, «Гүлдер», «Дос-
Мұқасан», «Айгүл» эстрадалық ансамбльдері өз өнер-
лерін көрсетті. Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек
Серкебаев сынды қазақстандық әншілерді әлем таныды. Роза
97